Қоғам

Барқытбелде үй берілді

Берікхан Тайжігіт

Барқытбел ауылында бір сауабы мол, қуанышты жағдай орын алды. Ауылдағы Сұлтанғазы мен Қарлығаш Доғалақовтар жанұясына жас кәсіпкер Асхат Абылбаев баспана сатып алып берді.

Асхат Қалиханұлы – осы Барқытбел ауылында туып-өскен, осы жерден мектеп бітірген азамат. Біршама жылдардан бері бизнеспен айналысып келе жатқан ол жағдайы келіп жатса, жерлестеріне қайырымдылық жасап келе жатқаны шындық.

– Мен үшін өзім туып-өскен ауылымның азаматтарының орны бөлек, – дейді Асхат Абылбаев. – Мен үшін олардың әлеуметтік жағдайларының жақсы, өмірлерінің шат-шадыман болуы  маңызды. Осындай игі істердің басы-қасында жүретін аудан басшысы Нұржан Тоқсейітовке айтар алғысым шексіз.

Иә, шын мәнінде, жеті бала тәрбиелеп, өсіріп отырған отбасы үшін бұл зор қуаныш болды. Іс-шараға аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов қатысып, үй иелеріне баспананың заңды құжаттарын тапсырды. Сондай-ақ жиылған жұрттың алдында сөз сөйлеп, кәсіпкер Асхат Қалиханұлының иығына шапан жауып, Доғалақовтар отбасына сый-сияпат ұсынды.

Үржар ауданы.

Осы айдарда

Back to top button