Қоғам

Барлық балаға бірдей мүмкіндік

Барлық балаға бірдей мүмкіндік

Өскеменде биыл мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап жасалған ойын алаңқайлары пайда болады.
Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс орталығы мен Семей қаласындағы ойын алаңқайлары мүмкіндігі шектеулі балаларға ыңғайлы етіп өзгертіледі. Сонымен қатар, өңіріміздің өзге аудан-қалаларында да дәл осындай алаңқайлар салынады.
– Он екі мүшесінде кемістігі бар балалардың жағдайын неге ойламаймыз? Олар да өзге құрбыларымен сөйлесіп, ойнағысы келеді. Алайда, біздің қалаларда осы уақытқа дейін мүмкіндігі шектеулі балақайларға арналып жасалған алаңдар жоқ. Біз осы олқылықтың орнын толтыруымыз керек, – деген еді облыс әкімі Даниал АХМЕТОВ тұрғындармен есепті кездесуінде.
Айта кетейік, мүмкіндігі шектелген балалар үшін кедергісіз орта қалыптастыру мәселесі облыс басшылығының жіті назарына алынған. Бүгінде Өскеменде тірек-қозғалыс аппараты, көру, есту және сөйлеу қабілеттері бұзылған, бірақ сана-сезімі қалыпты балаларға арналған пансионат құрылысы жүргізіліп жатыр.

Серік Әбілхан

Осы айдарда

Back to top button