СарбазТОП

Бақылау тактикалық-саптық сабақ сәтті өтті

Өскемен гарнизонында 1 мотоатқыштар батальонының жеке құрамымен «Рота қорғаныста» тақырыбындағы тактикалық-саптық сабақ өтті.

Сабақ барысында взвод командирлерінің жеке құрамды басқару дағдыларын, тірек пунктін және қорғаныс ұрысын жүргізу кезінде рота сарбаздарының тәжірибелік дағдылары пысықталды. Бөлімшелер қорғанысқа ұйымдасқан түрде өтуде және үйлесімді іс-қимыл жүргізуде біліктіліктерін шыңдады.

Взвод командирлері бөлімшелерге қорғаныс шебін ұйымдастыру бойынша тапсырмалар қойды. Тактикалық сабақ кезінде шепті қорғау үшін іс-қимыл тәртібі түсіндірілсе, жеке құрам тактикалық дайындық бойынша нормативтерді орындады.

Жеке құрам қосалқы атыс позицияларын таңдап, жабдықтап, маневр жасай білу және түрлі жағдайларда атыс жүргізуге дайындалды. Мәселені пысықтау барысында рота командирі басқарудың анықтығын және командалар мен сигналдарды жылдам бере білетіндігін тексерді.

– Тактикалық сабақтар барысында жеке құрам қарсыласпен байланыссыз қорғанысқа көшіп, ұрыс жүргізуді меңгерді. Тірек пунктін жоғары дәлдіктегі және тұтандырғыш қарудан қорғауды ескере отырып орналастыру мен жабдықтауды игерді, – дейді 27943 әскери бөлім командирінің жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары подполковник Қанат Сопбеков.

Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button