БАҚ өкілдеріне халықаралық конкурс өткізіледі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды
- Негізгі ережелер
- «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры баспа, электрондық және аудиовизуалдық бұқаралық ақпарат құралдары (бұдан әрі –БАҚ) қызметкерлерінің арасында номинацияларына сәйкес ашық халықаралық конкурс (бұдан әрі – Конкурс) өткізеді.
- Конкурс номинациясы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі және Нұрсұлтан Назарбаев Қорының бірлескен бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.
- Конкурстың мақсаты:
1) қазақстандық мемлекеттіліктің негізі ретінде «Назарбаев моделін», Елбасының идеялары мен бастамаларын көпшілікке тарату;
2) халықаралық кеңістікте еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін ақпараттық-имидждік ілгерілету;
3) баспа және электрондық БАҚ қызметкерлерінің өзін-өзі шығармашылық тұрғыдан дамытуы мен кәсіби өсуі үшін моральдық және материалдық ынталандыру;
4) халықаралық журналистер қауымдастығында келешегі бар жаңа есімдерді анықтау;
5) Елбасы кітапханасының архиві, кітапханасы және экспозиция қорындағы материалдарды медиа айналымға енгізу.
- Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
1) «Үздік телевизиялық материал» (телеочерк, жаңалық бейнесюжеті, талдамалық шолу, арнайы репортаж, сұхбат, пікір, деректі фильм);
2) «Үздік радиоматериал» (радиобағдарлама, радиошолу, радиоочерк, радиоқойылым, талдамалық шолу, сұхбат);
3) «Газеттер мен журналдардағы үздік мақала» (мақала, очерк, эссе, талдамалық шолу, репортаж, сұхбат);
4) «Ғаламтордағы үздік жарияланым» (ақпараттық хабарлама, очерк, талдамалық шолу, сұхбат, репортаж, шолу, эссе);
5) «Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым» (Қазақстан мен Қазақстан Республикасы Президентінің бастамалары туралы шетелдік БАҚ-тарда жарияланған материалдар).
- Конкурстың өткізілуіне қатысты барлық ақпарат ұйымдастырушылардың сайттарында (www.presidentlibrary.kz, www.fnn.kz) жарияланады.
- Қатысушыларды ақпараттық және техникалық қолдау мақсатында Кітапхананың сайтында (www.presidentlibrary.kz) және YouTUBE порталында (арна атауы – ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы) Елбасы кітапханасының қызметі туралы бейнематериалдар орналастырылады.
- Номинациялардың сыйақы көлемі
- Конкурстың сыйақы қоры 11 000 000 теңгені құрайды және номинациялар бойынша төмендегідей бөлінеді:
«Үздік телевизиялық материал»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Үздік радиоматериал»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Газеттер мен журналдардағы үздік мақала»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Ғаламтордағы үздік жарияланым»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
«Шетелдік БАҚ-тағы үздік жарияланым»:
1 орын – 1 000 000 теңге;
2 орын – 700 000 теңге;
3 орын – 500 000 теңге.
- Жүлделі орындарды иеленген конкурсанттарға арнайы төсбелгі, куәлік, диплом мен ақшалай сыйақы беріледі.
- Конкурстың мерзімі мен шарттары
- Конкурсқа 2020 жылғы 10 қазан мен 2021 жылғы 10 қазан (қоса алғанда) аралығында ресми жарияланған (алғаш жарияланған, эфирге шығарылған, ғаламторда орналастырылған) бірегей материалдар қабылданады.
- Конкурсқа қатысу өтінімдері 2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазан (қоса алғанда) аралығында пошта арқылы мына мекенжайға: Z05S5X1, Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Ә.Бөкейхан көшесі, 1А, 343 каб., «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсына» деген белгімен немесе presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электронды поштасына қабылданады. Байланыс тел.: (7172) 69-30-51, 69-30-56, 69-30-57.
- Конкурсқа қатысу үшін төмендегі құжаттар негіздеме болып табылады:
1) үлгіге сәйкес толтырылған өтінім-сауалнама;
2) конкурстық жұмыс;
3) жеке куәліктің немесе паспорттың көшірмесі;
4) БАҚ басшысы растаған жұмыс орнынан анықтама;
5) аталған БАҚ-та материалдың жарияланғанын растайтын эфирлік анықтама.
- Конкурсқа жеке және ұжымдық авторлар тек бір номинация бойынша қатыса алады. Соның ішінде бір тақырыппен біріктірілген материалдар циклын ұсынуға болады.
- Автор (немесе авторлар ұжымы) өтінімге қол қоя отырып, Конкурс ұйымдастырушыларына ұсынған жұмыстың БАҚ-қа орналастырылуына автоматты түрде келісім береді.
- Конкурстық жұмыстарды ұсыну тәртібі:
1) телевизиялық өнім – бейнесюжет пен оның ғаламтордағы сілтемесі, жарияланғанын растайтын анықтама;
2) радиохабар өнімі – аудиожазба мен оның жарияланғанын растайтын анықтама;
3) мерзімді баспасөз өнімі – газеттегі мақаланың сканерленген нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесі көрсетілген құжат;
4) БАҚ ғаламторындағы өнім – материалдың «Word» форматындағы нұсқасы мен ғаламтордағы сілтемесі көрсетілген құжат.
- Конкурстық жұмыстар көлемі жағынан шектелмейді.
- Конкурстық жұмыстарды бағалау өлшемдері (10 балдық шкала бойынша):
1) конкурстық жұмыс мазмұнының конкурстың мақсаттарына сәйкестігі;
2) шығармашылық жаңашылдығы және идеяның ерекшелігі;
3) жұмыс мазмұнының тереңдігі;
4) орындаудың техникалық деңгейі (оның ішінде инфографика, 3D-графика және т. б. пайдалану деңгейі,);
5) жалпы эстетикалық және эмоцияналдық қабылдауы.
- Конкурстық жұмыс әлемнің барлық тілдерінде қабылданады.
- Автор (немесе авторлар ұжымы) Конкурстық жұмыстың мазмұны мен авторлығының дұрыстығы үшін жауап береді.
- Жарнамалық сипаттағы жұмыс Конкурсқа іріктелінбейді.
- Конкурс ұйымдастырушылары қажет болған жағдайда қатысушыдан қосымша мәліметтерді, материалдың сәйкестігін, оның шығу мерзімін, авторлығын растайтын құжаттарды талап етуге құқылы.
- Конкурс ұйымдастырушылары жекелеген номинациялар мен орындар бойынша сыйлық бермеуге, сондай-ақ номинациялар арасында жүлде қорын қайта бөлуге құқылы.
- Конкурсқа жіберілген жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
- Конкурс қорытындылары
23.Конкурс қорытындысын Конкурстық комиссия шығарады.
- Конкурс өтінімдері 2021 жылғы 1 маусым мен 20 қазанға (қоса алғанда) дейін қабылданады.
- Конкурстық жұмыстар 2021 жылғы 25 қарашаға дейін іріктеледі.
- Жеңімпаздарды марапаттау салтанаты 2021 жылғы 1 желтоқсан мен 13 желтоқсан аралығында өтеді.