Қоғам

Балықшылар мерекесін атап өтті

Балықшылар мерекесін атап өтті

Тассайлықтардың жетпіс-сексен пайызы күнкөрісін Зайсан көлінен айырып отыр. Сондықтан өткен жылдан бастап олар балықшылар мерекесін атап өтуді дәстүрге айналдырды.

Думан басы ауыл әкімі С.Далбиннің құттықтауымен ашылып, қариялар өткенге шегініс жасап, бала кездерінде айдын жағасындағы Қарақас балықшы ауылынан балық тиелген кіре тартылатынын, соғыс жылдарында балық сорпасының қорек болып, жас пен кәрінің өзегін талдырмай, аштықтан сақтап қалғанын әңгімелеп берді.

Байырғы балықшы, бұл күнде кәсіпкер М.Оразбаевтың да құрметті демалысқа шығуы осы мерекеге сәйкес келіпті. Іскер азаматқа әріптестері шапан кигізсе, балық инспекциясының қызметкері К.Қазиева зейнетке шыққан балықшылар И.Шнайдер, С.Тоқтарбаев, Д.Мергенбаевты, орта буын балықшылар Д.Солтабаев, Б.Тұрлыбеков, Ә.Қадырбеков, Т.Ибрагимовты құттықтап, бағалы сыйлықтар тарту етті.

Мерекелік шоу-бағдарлама аясы да кең болды. Ауыл өнерпаздары әуелетіп ән салып, бишілері мың бұрала би биледі. Команадааралық көпсайыста «Табыс» шаруа қожалығының жігіттері алдыңғы орынға шықты.

Эльмира Тайырқызы

Осы айдарда

Back to top button