Қоғам

Балықтар қырылып жатыр – Самал саябағы

Өскемен тұрғындары Ертіс өзенінің жағалауынан өлі балықтар тапты. Бұл туралы ШҚО Экология департаменті мәлім етті.

Балықтар Samal паркінің аумағынан табылыпты. Ведомство мамандары балық шаруашылығы институты, балық шаруашылығы инспекциясы, Табиғи ресурстар басқармасы және ветеринарлық инспекция қызметкерлерімен бірлесіп, оқиғаны көзбен көрмекке және жағдайды анықтау үшін өзенге шықты.

 

“Мамандар балықтарды жинап, биологиялық талдау жүргізді, сыртқы және ішкі зақым табылған жоқ. Аспаптық талдау үшін су сынамалары алынды, зерттеу үшін балық жиналды”, – деп түсіндірді экология ведомствосының өкілдері.

Су мен балық сынамаларын талдау нәтижелері қосымша хабарланады.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button