Қоғам

Балдырғандар шымыр болып өседі

Шемонайха ауданындағы «Ақбота» балабақшасының тәрбиеленушілері үшін салауатты өмір салтын сақтау шаралары күнделікті дағдыға айналған. Балабақшада екі мен алты жас аралығындағы балғындар үшін бір апта бойы ашық дене шынықтыру сабақтары жүргізіліп, онда бөбектер ептіліктері мен батылдықтарын шыңдады.

Балдырғандар шымыр болып өседіБалалар мен олардың жанкүйерлерін, ата-аналарын әр таңда көңілді шабыттандыратын әуенмен қарсы алған мекеме жеті күн бойы нағыз мереке ордасына айналды. Спорттық жарыстар мен көңілді сайыстар кезінде бөбектер өздерінің жылдамдықтарын, ептіліктерін ұштап қана қоймай, сонымен қатар, артта қалған жолдастарына қол ұшын беру сияқты адами қасиеттерді де бойларына сіңірді.

– Маған әсіресе, жарыстардың қызықты саяхат және ертегі түрінде ұйымдастырылғаны ұнады. Бүлдіршіндердің өздерін нағыз ертегі кейіпкерлеріндей сезініп, ойындарға белсене араласқандарын көрдік, – дейді ата-аналардың бірі.

Тәрбиеленушілердің көңіл күйін бай-қаған тәрбиешілер ұжымы осындай көңілді спорттық шараларды алдағы уақытта жиі өткізіп тұрмақ.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button