Балаңыздың оқуға түсуге мүмкіндігі бар
«Егер балаңыздың келешегін ойласаңыз, бүгіннен бастап қамданыңыз», – дейді мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мамандары. Қазір осы жинақтау жүйесіне төрт банк қатысады, олар: «Темірбанк», «БТА Банк», «Қазақстан Халық Банкі» жјне «Цесна Банк» акционерлік қоғамдары.
Сонымен МБЖЖ дегеніміз не, оның ерекшелігі неде? Бұл депозиттердің басты ерекшелігі – салымдарға банк сыйақысымен бірге мемлекет сыйақысы қосылуында. Оның мөлшері – 5 пайыз. Белгілі басымдылығы бар санаттағылар үшін – 7 пайыз. Депозит баланың атына ашылады. Бастапқы жарна – 3 АЕК, яғни, 5556 теңге.
Осы саланың маманы Жібек Батырованың айтуынша, депозиттің бұл түрі халық арасында үлкен сұранысқа ие болған, келешекке жоспарланып есептелген қаржы құралына айналған. Қаржыны жинақтау мерзімі – 5-7 жыл. 10-12 жас шамасындағы балалардың атына ашылған салымдар оңтайлы жјне экономикадағы болуы мүмкін өзгерістерге төзімді болып есептеледі екен. Бұл жастағы балалар бастауыш сыныптарда оқиды. Ал ата-аналар осы уақытта өз баласының қандай бағытқа бейім екендігін байқайды. Ең бастысы, соңғы қоңырауға дейін дайындалуға уақыты барын түсінеді. Жинақтау жүйесі маманының айтуынша, салымшы ай сайынғы салым енгізудің мөлшерін өзі біледі. Яғни, ол депозит ашқаннан кейін кез келген уақытта кез келген соманы енгізуге құқылы. Бір ғана шарт – Халық банкіне енгізетін жарнаның көлемі 10 000 теңгеден кем болмауы тиіс. Жинақтау мерзімі аяқталар кезде жиналған қаржының 60 пайызы салымшының өз есебінен, 23 пайызы банк сыйақысы жјне 17 пайызы мемлекет қосқан сыйақы мөлшерімен толығатын болады.
– Егер балам грантқа түсіп кетсе, не болады дейсіздер ғой? Онда жиналған қаражат толығымен салымшының иелігіне өтеді. Депозит ашқан кезде јр ата-ананың көңіліне бір үміт пен бір күдіктің қатар ұялайтыны анық. Ең бастысы, мемлекет ұсынып отырған мүмкіндікті пайдалана білуіміз қажет. Бүгіннен бастап қаражат жинап, балаңыздың қалаған мамандығына оқуға түсуіне мүмкіндік жасаңыз, – дейді Жібек Батырова.
Дарын Нұрсапаров