Қоғам

Балаларға оқу-құралдарын табыстады

Аягөз гарнизонының әскери бөлімдерінде жыл сайын өтетін «Мектепке – жол» акциясы аясында жас ұрпақты бір қуантты.

Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында бүлдіршіндерді қуантатын акция барысында биыл да көпбалалы әскери қызметшілердің балаларына, жалғыз басты аналардың отбасыларына көмек көрсетілді.

-Балалар-біздің болашағымыз. Олардың өз қатарларынан қалмай білім нәрімен сусындауына толық құқықтары бар. Президентіміз  Қасым-Жомарт Тоқаев үстіміздегі жылды «Балалар жылы» деп атауына байланысты оларға жылдағыдан да артық құрмет көрсетілгені рас. Мемлекетіміздің, қазақ елінің болашағы болатын балалардың жағдайын жасау үлкендердің парызы деп білемін. Олар  Отанымыздың ертеңі, болашағы. Сондықтан да олардың лайықты білім алып, азамат болып қалыптасуы біз үшін маңызды,-дейді аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Руслан Абай.

Бұл күнгі акция барысында әскери қызметшілердің балаларына мектепке қажетті құрал-жарақтар, сөмкелер табысталды.

Берікхан Тайжігіт                                                                             

Осы айдарда

Back to top button