ТОП

Балаларды қуантты

Облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығының қызметкерлері «Ақ ниет» мектеп-интернатының балаларын Білім күнімен құттықтап, білім еліне саяхат жасауда шығармашылық үшін қажетті сыйлықтарын табыс етті.

– Біз қолдау көрсеткендеріңізге ризамыз, көп рақмет! Сонымен қатар біздің балалар үшін қонақтармен қарым-қатынас орнату өте маңызды. Бұл олардың қоғамға бейімделуіне, ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі: адамдар жайлы, кәсіптер мен болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндігі туралы білу оларға артық болмайды, – деді «Ақ ниет» мектеп-интернатының директоры Светлана Кривицкая.

– Біз Білім күнін тәрбиеленушілер мен мекеме ұжымы үшін одан да мерекелік және жарқын етуге қол жеткізгенімізге қуаныштымыз. Біздің онкологиялық орталықтың қызметкерлері әлеуметтік серіктестік аясында осы мектепке үнемі барып тұратыны белгілі. Біздің үлкен және тату ұжымымыз, сондай-ақ орталықтың Amanat бастауыш партия ұйымы сіздерге жаңа жетістіктерге жетуге және оқу жылында қызықты оқиғаларды бастан кешіруге тілектес, – деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде онкологиялық орталықтың директоры Анна Кухарева.

Білім беру мекемесінің директоры Светлана Кривицкаяның айтуынша, биылғы оқу жылында мектепте 95 бала білім алатын болады.

Мұнда білікті педагогтар түзету-дамыту, емдеу-сауықтыру шаралары мен әлеуметтік-психологиялық сабақтар өткізеді. Баланың жан-жақты дамуы үшін барлық қажетті база бар: оқу, ойын, ұйқы, гигиеналық процедуралар үшін кең топтық бөлмелер, денешынықтыру және спорт бөлмелері арнайы жабдықталған. Олар тренажерлармен және спорттық керек-жарақтармен жоғары деңгейде  жарақталған. Интернатта дәрігер, логопед, дефектолог, әлеуметтік педагог кабинеттері жұмыс істейді, практикалық сабақтарға арналған әлеуметтік-тұрмыстық бағдарланған кабинеттер кешені қажетті тұрмыстық техникамен толық жабдықталған.

 Кәмал Естай

Осы айдарда

Back to top button