Қоғам

Балалар үйіне сыйлықпен барды

Балалар үйіне сыйлықпен барды


Облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Наурыз мейрамын ұлттық нақышта атап өтті.

Қызметкерлер қонақтарды ұлттық музыка әуенмен қарсы алды. Дәстүрлі қолөнер мен көшпелі халықтың күнделікті өмірінде қолданылған заттардың көрмесі ұйымдастырылды. Медициналық мекеменің әкімшілік залында арнайы мерекелік дастархан жайылып, ұлттық киім киген қызметкерлер салтанатты іс-шараға шақырылған ішкі істер органдары ардгерлеріне наурызкөже мен өзге ұлттық тағамдарын ұсынды.

Мерекелік іс-шара кезінде ұлттық салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардан көріністер көрсетіліп, театрландырылған қойылым қойылды. Ішкі істер департаментінің госпиталь қызметкерлері көрермендерге «Қыз ұзату», «Келін түсіру», «Бесікке салу», «Тұсау кесу» сияқты әдет-ғұрыптарды саханалады.

Сондай-ақ, жергілікті полиция қызметкерлері Өскемен қалалық мамандандырылған балалар үйіне барып қайтты. Сол күні бүлдіршіндер тәртіп сақшыларын қуана қарсы алды. Балалар қонақтарға өлең оқып, ән орындап, тәрбиешілер мен тәртіп сақшыларына көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

Облыстық жергілікті полиция қызметі бастығының орынбасары Ерлан Карменов департамент басшылығы және жеке құрам атынан балалар үйінің тәрбиленушілері мен ұжымын адал еңбектері үшін және әр баланың жүрегіне жол тауып, ерекше қамқорлық көрсеткені үшін алғысын білдіріп, Ұлыстың Ұлы күнімен құттықтады.

Кездесу соңында полицейлер балаларға сыйлықтарын табыс етті.

Облыстық ішкі істер
департаментінің баспасөз қызметі

Осы айдарда

Back to top button