ЖаңалықтарТілТОП
Балалар тіл үйрену үшін Катонқарағайға аттанды
ШҚО-да биыл алғаш рет «Қонақжай отбасы» пилоттық жобасы іске асырылды.
Аталмыш жоба аясында орыстілді отбасынан шыққан балалар Катонқарағай ауданына барып, жазғы демалысын өткізеді, деп хабарлайды Didar ақпарат Altaynews.kz сайтына cілтеме жасап.
10 маусым күні 12-14 жас аралығында 68 оқушы жазғы демалысын өткізу үшін Катонқарағай ауданына аттанды.
Олар күнделікті өмірде тіл үйренуден басқа, экскурсияларға, мұражайларға, табиғи қорықтарға барады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Берел, Өрел және Катонқарағай ауылдарындағы 32 отбасы балаларды қабылдауға дайын екенін жазған болатынбыз.
– Аталған ауылдарда арнайы штаб жұмыс істейді, оған полиция, психологтар мен педагогтар кіреді. Сондай-ақ ата-аналар үшін әлеуметтік желіден арнайы топ құрылып, күніне екі рет есеп жіберіліп отырады, – деді ШҚО білім басқармасы басшысының орынбасары Динара Шаухина.