Қоғам

Балабақшамен толық қамтылады

Аймақ басшысы Даниал Ахметов Өскеменде балабақшалар салу мәселесі бойынша кеңес өткізді. Мектепке дейінгі мекемелер бұрын типтік бақша болған төрт ғимаратта ашылмақ. Оларды жөндеуге және сенімді басқаруға алуға дайын инвесторлар бар.

– Осы ғимараттардағы жеке және квазимемлекеттік ұйымдарға басқа орынжайлар ұсындық. Сондай-ақ бес жекеменшік балабақша жаңадан салынып отыр. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында тағы бес балабақша құрылысы жоспарлануда. Халқы көп аудандардан болашақ орындары анықталды, тендерлік құжаттар әзірленуде, – деді облыс әкімі

Осылайша, биыл балабақшаларда 1200 қосымша орын пайда болады. Бүгінде облыста 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар бойынша кезек жоқ, ал қолға алынған шаралар 3 жасқа дейінгі балаларды да толық бақшамен қамтуға мүмкіндік береді.

 Ержан Кеңесұлы

Осы айдарда

Back to top button