Балабақшалар мәселесін талқылады
Президенттікке үміткер Қарақат Әбден Алматы облысы, Есік қаласының сайлаушылармен кездесті. Жиынға тұрғындар, мектеп дейінгі білім беру мекемелерінің мамандары қатысты.
Жиында үміткердің сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, әлеуметтік сала, білім беру және бала тәрбиесі мәселелері көтерілді.
– Балалар қауіпсіздігі басты назарда болуы керек. Балалардың жағдайын жасау үшін күндіз-түні жұмыс істейтін ата-аналар бар. Бірақ олар көп жағдайда балаларын қалдырып кететін жер таба алмай қиналады. Сондықтан тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшалар ашу керек. Сайлаушылар тарапынан бұл мәселе қолдау тапты. Тәулік бойы жұмыс істейтін балабақшаларды мемлекеттік балабақшалардың негізінде ашып, жұмыс уақытын ұзарту арқылы іске қосуға болады. Бұл шешімнің бірден-бір артықшылығы – мәселені шешу үшін қомақты қаражат қажет емес, – деді Қарақат Әбден.
Үміткердің айтуынша, аталған сұрақ оның сайлауалды бағдарламасында да көрініс тапқан.