Қоғам

Бала құқығын қорғау – басты назарда

ЮНИСЕФ-тің халықаралық «Балаға мейірімді қала» бастамасын республика бойынша бірінші болып Өскемен қаласы қолдады.

Бала құқығын қорғау – басты назарда2008 жылдан бастап облыс орталығында балалардың бақытты өмірі үшін нақты жағдай жасала бастағандықтан Өскемен балалар құқығын қорғаудағы кең масштабты акциялардың белсенді қатысушысы болып саналады.

Шара барысында Өскемен қаласы әкімдігінің 2009–2014 жылдар аралығында «Балаға мейірімді қала» мәртебесіне жету жолында» стратегиясын жүзеге асыру атты қоғамдық тыңдаулар ұйымдастырылды. Тыңдауларды жүзеге асыру аясында отбасын және балалықты қолдау орталығы қала мектептері мен кітапханаларында қалада өмір сүрудің қолайлылығы жайында балалардың пікірін жинау жұмыстарын жүргізуде. Мәселен, бұл жолы «Өскемен – бақытты балалық шақтың аумағы» атты деректі фильм көрсетілді.

Аталмыш шараға «Көшбасшылар планетасы» қалалық мектебінің, қалалық әкімдіктің өкілдері, «Өскемен волонтерлері» жобасына қатысушылар, мектептердің жетекшілері қатысты.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button