Қоғам

Бала туу көрсеткіші өсті

Бала туу көрсеткіші өсті

Былтыр облыс орталығында бала туу көрсеткіші өсті. Демек, аналар өлімі тіркелмеген, ал нәрестелер өлімінің саны біршама азайды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Темірбек Қасымжанов мәлім етті.
Осылайша бала туу көрсеткіші 6,1 пайызға, халықтың табиғи өсімі 27 пайызға артты. Ал аналар өлімі мүлде тіркелмеген, нәрестелер өлімі 11,5 пайызға азайды.
– Жоғары технологияларға негізделген денсаулық сақтау жүйесін енгізу арқылы медициналық көмектің сапасын жақсартып отырмыз. Біздің дәрігерлер шетелдік клиникаларда біліктілікті арттыру үшін арнайы курстарда оқуда, – деді Темірбек Қасымжанов.
Әкімнің айтуы бойынша, медициналық кадр тапшылығын жою және жас мамандарды жұмысқа тарту мәселесі биыл да өз жалғасын таппақ. Шаһарымызда Семей мемлекеттік медицина университетінің филиалы ашылып, жас мамандарға арналған жатақхана құрылысы басталған. Сондай-ақ, облыстық аурухана базасында Call-орталығы, екі медициналық және облыстық оңалту орталығы ашылған болатын.

Гүлден Шәкәрімова

Осы айдарда

Back to top button