Қоғам

Бақтың болашағына алаңдаулы

Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаев Қарағанды облысындағы «Фитохимия» ғылыми-өндірістік холдингінің қызметімен танысты.

Кәсіпорын ғалымдарының ел ғылымын дамытуға қатысты пікірлерін тыңдады.

Холдинг құрамына ботаникалық бақ кіреді. Алайда кейбір мемлекеттік құрылымдар тұрғын үй алаптарын салу мақсатында бақ жерлеріне көз тіккен. «Ауыл» партиясы мен кандидат Жигули Дайрабаев бақтың болашағына алаңдаулы.

– Ботаникалық бақ – маңызды нысан. Бұл жерлерді үйлер салу үшін алуға болмайды. Мен ғылыми-зерттеу, ағартушылық және зерттеу мақсатында тірі өсімдіктердің коллекциялары зерттелетін және көрсетілетін аумақты жоюмен мүлдем келіспеймін. Өсімдіктердің ауруларды емдеудегі мүмкіндіктерін терең зерттеу өзекті, – деді Жигули Дайрабаев.

Сондай-ақ кандидат ғылыми орталық қызметкерлерін сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.

Балабақшалар мәселесін талқылады

Осы айдарда

Back to top button