СпортТОП

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Өскеменде шағын футболдан БАҚ өкілдері арасында республикалық турнир өтті.

Бұл турнирге еліміздің түкпір-түкпірінен, атап айтқанда Астана, Алматы, Тараз, Талдықорған, Семей, Өскемен сияқты еліміздің бірнеше қаласынан, Абай облысының Көкпекті ауданынан келген командалар қатысты, деп хабарлайды Didar ақпарат.

Қала күні мерекесіне орай ұйымдастырылған футбол ойынан өткізудегі басты мақсат – журналистер арасындағы достық қарым-қатынасты, әріптестік байланысты нығайту, бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын насихаттау.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Екі топқа бөлініп, өзара мықтыны анықтады. Тартысты өткен ойындардың нәтижесінде өз тобында жоғары ұпай жинаған төрт команда жартылай финалға жолдама алды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Жартылай финалда астаналық «Qaz365.kz» пен «Қазмедиа», сондай-ақ белгілі қаламгер Есболат Айдабосын жетекшілік еткен талдықорғандық «Қарекет» пен Тараз қаласынан келген «Тараз пресс» командалары өзара шеберлік байқасты.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Финалға берілетін жолдама үшін болған ойындарда елордалық «Qaz365.kz» қарсыласынан басым түссе, екінші жұпта «Қарекеттің» асығы алшы түсті. Сөйтіп финалға «Qaz365.kz» пен «Қарекет» шықса, «Қазмедиа» мен «Тараз пресс» қола жүлдеге таласты.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Турнир қорытындысы бойынша «Тараз пресс» қола жүлдегер атанып, 400 мың теңге ақшалай сыйақыға ие болды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Ал финалда қарсыласпен тең дәрежеде ойын көрсетіп, тек бір ғана сәтті мүлт кеткен «Қарекеттің» жігіттері күміс жүлде мен 700 мың теңгенің сертификатына ие болды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Чемпион атанған «Qaz365.kz» командасы Өскемен қаласы әкімінің кубогы мен 1 миллион теңгенің сертификатын жеңіп алды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салдыБАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Бұл турнирде шебер ойын өрнегін көрсеткен журналистер де шет қалмай, лайықты марапатқа қол жеткізді. Атап айтқанда, турнирдің «Үздік ойыншысы» номинациясы «Qaz365.kz» командасының ойыншысы Бақытжан Масақовқа берілді. Ең көп гол салған «Қазмедиа» өкілі Елдос Өмірхан «Үздік сұрмерген» атанды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салдыБАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Тараздық Жасұлан Айтқұлов «Үздік қорғаушы» аталымын алса, жетісулық Самат Есентайұлы «Үздік қақпашы» атанды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салдыБАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

«Өскемен» командасының ойыншысы Оңғар Қабден «Үздік шабуылшы» атанды.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

– Кенді Алтайдың төрінде өтіп жатқан осынау футбол мерекесі құтты болсын. Спорт болған соң жүлдеге таласып, мықтыны анықтау қажет әрине, дегенмен бұндай шаралардың басты мақсаты БАҚ қызметкерлері арасындағы әріптестік, достық байланысты арттыру, салауатты өмірді насихаттау. Журналистерге осындай керемет тимбилдинг ұйымдастырып жатқан Өскемен қаласының әкімдігіне рахмет, – деді жарысқа келіп, «Қазмедиа» командасының сапында өнер көрсеткен БАҚ лига Қазақстан журналистер лигасының жетекшісі Әзиз Жұмаділ.

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

БАҚ өкілдері Өскемен қаласы әкімінің кубогын сарапқа салды

Осы айдарда

Back to top button