Қоғам

Бағдарлама жалғасады

Азамат Темірбеков

Алтай ауданында «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы аясында салынатын баспана құрылысы биыл да жалғасын табады.

Алтай ауданы әкімдігінің хабарлауынша, өткен жылы өңірде  тұрғын үй алу кезегінде тұрған көпбалалы отбасылар үшін жалға алу құқығымен бір қабатты 14 жеке тұрғын үйдің құрылысы жүргізілген.

«Аталған үйлер Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында салынды. 2021 жылы ауданда тұрғындардың аз қамтылған, әлеуметтік осал топтары үшін бір қабатты тұрғын үй құрылысы жалғастырылды. «Бір қабатты Шығыс» бағдарламасы бойынша жеке құрылыс жүргізушілермен 26 жеке тұрғын үй салынды», – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Жалпы, құрылысы жүргізілген үйлердің басым көпшілігі, яғни, 16 үй аудан орталығы Алтай қаласында салынса, қалған он үй Серебрянка  қаласы мен Жаңа Бұқтырма кентінде тұрғызылған.

Осы айдарда

Back to top button