Қоғам

Бағалы сыйлықтар беріледі

Балауса ҚОЖАЕВА

Әлемді жайлаған індетті ауыздықтау үшін ғалымдар екпенің түр-түрін дайындады. Тұрғындарға  таңдау жасаудан басқа түк қалмады.

Тіпті екпе ектірген жандарға бағалы сыйлықтар таратылуы мүмкін. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімдігіндегілер әлеуметтік желідегі ресми парақшада мәлімдеп отыр.

–  11 маусымда қала әкімдігінің бастамасымен «Екпе салдырып, сыйлық ұтып ал!» атты акция басталды. Акцияға екпенің алғашқы дозасын алғандар қатыса алады. Емханаға келгендерге билет беріледі. Қатысушы билетті толтырып, арнайы жәшікке салуы тиіс. Әр апта сайын купон иелерінің арасынан жеңімпаздар анықталып отырады, – делінген жазбада.

Ендеше екпе салдырып, бағалы сыйлыққа ие болыңыз!

Осы айдарда

Back to top button