Қоғам

Бағдарламаны талқылады

Президенттікке кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевтың республикалық қоғамдық штабы мүшелері Ақтөбе және Павлодар облыстары тұрғындарымен кездесті.

Ақтөбе рельс-аркалық зауыты ұжымымен кездесуде сайлауалды бағдарламадағы өнеркәсіпті дамытуға арналған шаралар талқыланды.

Облыс жұртымен кездесуде РҚШ мүшелері бағдарламаның инфрақұрылымды жақсарту, жұмыс орындарын ашу бағыттарына назар аударды.

«Ақтөбе» футбол клубы ойыншыларымен кездесуде кандидаттың спортты дамытуды көздейтін басымдықтары сөз болды. Қ.Жұбанов атындағы университетте бағдарламадағы ғылымды қолдау шаралары талқыланды.

Екібастұздағы «Богатырь» кенішінің ұжымына жұмысшы құқығын қорғауға, өндірістегі қауіпсіздікті арттыруға қатысты басымдықтар айтылды. Павлодар трамвай басқармасы, электролиз зауыты ұжымдарымен бағдарламадағы өңірлік саясатқа арналған бөлім зерделенді.

Торайғыров университетінде ғалымдар бағдарламадағы әлеуметтік қолдау шараларын қарастырды. Жас белсенділермен, кәсіпкерлермен жүздеслеруде жастар саясатындағы, экономикадағы бастамаларға тоқталды.

Осы айдарда

Back to top button