Бағдарлама бағыттарын баяндады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан президенттікке үміткер Нұрлан Әуесбаев Шымкент қаласының Қазығұрт шағын ауданында сайлаушылармен кездесті.
Ол басты мәселе бизнесті тұншықтыратын, экономиканың дамуына жол бермейтін, халықтың әл-ауқатына кері әсер ететін жаппай сыбайлас жемқорлық екенін атап өтті.
Елде олигархиялық экономика қалыптасты. Соның салдарынан жекелеген адамдар байып, миллиондаған адам кедей өмір сүруде. Үміткер пікірінше, тергеу жүргізіп, ұрланған, оффшорларға шығарылғанның бәрін қайтару қажет.
Нұрлан Әуесбаев 90-шы жылдары көптеген кәсіпорынның өте аз сомаға жекешеленгенін айтты. Сондықтан осындай компаниялардың акцияларын IPO арқылы халыққа өткізу қажет. Үміткер активтерді орта бизнес өкілдері арасында бөлу керек дейді.
Н.Әуесбаевтың сайлауалды бағдарламасында саяси реформалар жүргізу қажеттігі айтылады.