Сайлау-2022

Бағдарлама бағыттарын баяндады

Президенттікке Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан кандидат Нұрлан Әуесбаев Ақтауда және Астанада сайлаушылармен кездесті.

Кандидат жиналған қауымға сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде баяндады.

Нұрлан Әуесбаев батыс өңірлерде инфрақұрылым мәселелерінің көптігін атап өтті. Кандидаттың пікірінше, мемлекетті басқару үлгісін президенттік биліктен парламенттік-президенттік билікке ауыстыру арқылы ғана бұл тығырықтан шығуға болады.

Нұрлан Әуесбаев сайлауалды бағдарламасында мұнай-газ секторының ірі кәсіпорындарын ұлттандыруды ұсынады. Тек осындай нақты қадамдар арқылы жұмысшылардың еңбек жағдайын жақсартуға болады.

Сайлауалды бағдарламада қазақстандықтардың өмір сапасының стандартын енгізу ұсынылады. Стандартта азаматтардың сапалы тамақтануынан бастап, демалысына дейінгі барлық қажеттілігі қаралуы керек.

Кандидат елордадағы «Жұмбақтас» қонақүйінің конференц-залында да сайлаушылармен кездесті.

 

Осы айдарда

Back to top button