Қоғам

Бағдарламалық мақалаға мән берілді

Бағдарламалық мақалаға мән берілді


Облыстық XVII жастар форумы аясында аудандар мен қалалардағы жастардың ресурстық Орталықтарының жетекшілері үшін арнайы семинар-тренинг ұйымдастырылды. Жиын барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы тереңінен түсіндірілді.

Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты жастар ресурстық орталығының директоры Арайлым Есімбекованың айтуынша, қазірден бастап өскелең ұрпақ болашақ үшін қамдануы керек. Ол үшін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жете оқып, түсінуі қажет. Бұл мақалада ең алдымен халықтың ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр.

Қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айдар Садырбаевтың айтуынша, Елбасы Қазақстан үшін қайта жаңғырудың ерекше маңызды екі қадамын, саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, болашаққа қалай қадам басу қажеттігін де түсіндіріп отыр. Рухани жаңғыруға бір мысал, біз латын әліпбиіне көшу ісіне үлкен дайындықпен келіп отырмыз. Көптеген іс-шаралар атқарылды. Халықтың пікіріне назар аударылды. Елімізде латын қарпіне көшуді қолдап отыр. Себебі, латын әліпбиіне көшу уақыт талабы екендігін жастар да терең түсініп отыр. Халық бірлігін нығайту жастар алдындағы рухани жобалардың негізі болуы тиіс, деді семинар-тренингке қатысушылар.

Раушан Нұғманбекова
Семей.

Осы айдарда

Back to top button