Қоғам

Баға мониторингін жариялады

Баға мониторингін жариялады


Сенбілік таңда дорбасын арқалап «Фрешмаркет» алаңын бетке алуды әдет қылған қалалық ағайын үйреншікті дағдысынан жаңылмады. Облыс орталығында дәстүрлі сенбілік жәрмеңке жалғасын тауып келеді. Бұл жолы Жарма ауданы өзінің ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынды тұтынушыларға.

– Бүгін бес тонна сиыр етін, 1,5 тонна қой етін, бір тонна жылқы етін әкелдік. Картоп келісі – 80 теңгеден сатылымда. Сондай-ақ балық пен балдың неше түрі бар, – деп атап өтті аудандық ауыл шарушылығы және кәсіпкерлік бөлімінің өкілдері.

Жарма ауданы бойынша қазіргі күні 19 ауылдық округте 547 шаруашылық ұжымы жұмыс істеп тұр. Әр қожалықтан 2-3 қызметкерден жиналған аудандық ұжым бұл күні тұтынушыларға аянбай қызмет жасап бақты. Ауыл шаруашылығы өнімдерінен бөлек, тоқыма бұйымдары мен ұлттық тағамдар да аудандық жәрмеңке сөрелерінен табылды.

Молынан жеткізілген өнімдер бағасы базардағыдан әлдеқайда төмен.

– Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы өнімдер бағасына мониторинг жариялап отыр. Мұндағы басты мақсат – базар бағасынан төмен тұрақты жәрмеңке бағасын қалыптастыру. Облыс орталығынан 300 шақырым шалғайдағы аудандардан шаруашылық өнімдерін артып әкеліп, қала халқына су тегін сату кәсіпкерлер алатын субсидиялар есебінен ғана болып отыр, – деп қосты жәрмеңке ұйымдастырушылары.

Алдағы уақытта аталмыш басқарманың қолға алған жұмысының нәтижесін күтетін боламыз.

Оразай Жеңісұлы

Осы айдарда

Back to top button