Қоғам

Бір күнде екі нысан ашылды

 Тұңғыш Президент күні қарсаңында Мамырсу ауылында ардагерлер бөлмесі мен жаңадан 75 орындық жекеменшік балабақша ашылды.

– Аталмыш ауылдық округте биылдың өзінде ауқымды іс-шаралар атқарылды, – деді аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев, –Атап айтсам, биыл Аягөз ауданы бойынша 11 көпір салсақ, соның алтауы осы Мамырсуға тиесілі. Осыдан бірнеше ай бұрын барлық ауылда Ардагерлер үйі мен бөлмелерін ашу туралы тапсырма берілген болатын. Бүгінгі күні тапсырма орындалуда. Соның айқын дәлелі деп бүгінгі шараны айтуға болады. Қазыналы қарияларымыздың өзара бас қосып, сұхбаттасатын, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ секілді ойындар ойнайтын орны болуы тиіс.

Салтанатты шараға жиылған жұрт аталған нысандардың жай-күйімен танысты. Жарық әрі кең бөлмелері бар ғимаратқа көңілі толған қариялар ризашылықтарын білдірді.

Берікхан Тайжігіт

 Аягөз ауданы.

Осы айдарда

Back to top button