ҚоғамТОП

Бірқатар нысандардың жұмысына шектеу қойылады

Өскеменде бірқатар нысандардың жұмысына шектеу қойылады. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысымен сенбі және жексенбі күндері, мерекелерде жұмыс істемейтін нысандар тізімі жарияланды.

27 маусым сағат 00:00-ден 11 шілдеде 00:00-ге дейін сауда нысандарының жұмыс уақыты шектеледі. Азық-түлік өнімдерін сататын нысандар – сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін, азық-түлік емес өнімді саудалайтын нысандар – сағат 10:00-ден 19: 00-ге дейін жұмыс істейді.

Барлық меншіктегі спорт нысандарының жұмыс уақыты сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін қысқарады.

Ал сенбі, жексенбі, сондай-ақ мереке күндері Өскеменде қандай нысандар жұмыс істемейді?!

  • азық-түлік емес тауарлар, соның ішінде базарлар
  • кинотеатрлар;
  • театрлар;
  • Сұлулық салоны;
  • шаштараздар;
  • Техникалық қызмет көрсету стансасы
  • көлік жуу;
  • қоғамдық моншалар, сауналар және қызмет көрсетуге арналған басқа да нысандар.

Қоғамдық тамақтану орындары жобалық қуатының 50 пайызынан аспайтын сыйымдылықпен жұмыс істейді. Түнгі клубтар да жұмысын тоқтатады.

«Didar» ақпарат

Осы айдарда

Back to top button