Қоғам
Азық-түлік бағасын тұрақтандырады

«Агрофирма Приречное» компаниясымен арадағы меморандумға сәйкес, Қарауыл ауылында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі болды. Ұйымдастырушылар іс-шара азық-түлік бағасын тұрақтандыру мақсатында өткізілгенін айтады.
Ақпанның алғашқы аптасында өткен жәрмеңкеде төрт тонна картоп, екі тонна пияз, 1,5 тонна қырыққабат, екі тонна сәбіз және жарты тонна қызылша саудаланды.
– Жалпы жиыны 10 тонна болатын бақша өнімі нарықтағы бағадан арзанға сатылып жатыр. Бұл «Агрофирма Приречное» жауапкершілігі серіктестігімен өзара меморандум бойынша ұйымдастырылды. Алдағы уақытта да өткізіліп тұрады, – дейді жәрмеңке ұйымдастырушысы.
Тасқын Болатұлы