Қоғам

Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы үшемді дүниеге әкелді

Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы үшемді дүниеге әкелді

Біздің облыстың тумасы, Азия ойындарының екі мәрте жеңімпазы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Өскемен қаласындағы шайбалы хоккей бойынша Шығыс Қазақстан облыстық олимпиада ізбасарларын даярлайтын балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебіндегі әйелдер командасының жаттықтырушысы Мария Федоренко үшемді дүниеге әкелді.
Хоккейші мен оның ері нәрестелеріне Архип, Прохор және Егор деп ат қойыпты. Жас ана біршама үзілістен кейін спортқа міндетті түрде қайта оралатынына сенімді.
Мария «Б» тобында әлем чемпионы атанса, 2005-2006 жылдары Еуролига бәсекесінде екінші орынды еншіледі. Сондай-ақ, 2006 жылы Азия лигасында маусымның үздік қорғаушысы ретінде жеңімпаздар қатарынан орын алды. Бапкерлік қызметінде де командасын биік белеске шығарды. 2007 жылы оның шәкірттері Қытайда өткен Азия ойындарында алтын медальді жеңіп алды. 2009 жылы еліміздің екінші қысқы спартакиадасында Мария баптаған команда күміс медальді олжалады.
Қазіргі кезде оның алты шәкірті еліміздің құрама командасының сапында өнерлерін көрсетіп жүр. Мария Федоренконың өзі де 2000 жылдан бері республикамыздың командасында еліміздің намысын қорғаған.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button