Қоғам

«ҚАЗЦИНК» ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІ

«ҚАЗЦИНК» ЖАЛАҚЫНЫ КӨТЕРУГЕ КЕПІЛДІК БЕРЕДІӘлеуметтік жауапкершілік

«Қазцинк» ЖШС басшылығы Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ жұмыскерлердің еңбекақысын көтеру жөніндегі ұсынысына бірден үн қосып, қызметкерлердің жалақысының өсетінін жеткізді.
-Ұлттық валюта бағамына енгізілген өзгерістер баршамызға белгілі. Аталған жағдайда мемлекетіміздің азаматтар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді сақтауы және орындауы үлкен маңызға ие. Біздің компаниямыз бұл міндеттің өзектілігін жіті түсінеді. Себебі, компаниямыз – еліміздегі ең үлкен ұжымы бар ірі кәсіпорындардың бірі.
Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында еңбекақы көтерілетінін айтты. Мемлекеттік қызметкерлермен бірге ірі кәсіпорындардың жетекшілеріне, оның ішінде өндіріс, тау-кен саласында жұмысшылардың еңбекақысын 10 пайызға көтеруге шақырды. Біз Елбасының үндеуін қабыл ала отырып, ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап «Казцинк» кәсіпорны тобы қызметкерлерінің еңбекақысын көтеруге кепілдік береміз. Бұл – біздің ұжым қызметкерлерін қуанта отырып, еңбек өнімділігін арттыра түседі деген сенімдеміз, – дейді «Қазцинк» ЖШС басқарма төрағасы Никола Попович.

Шығыс-Ақпарат

Осы айдарда

Back to top button