Қоғам

Қазақстандық спортшылар қай күндері жарысқа шығады?

Рио-2016

Қазақстандық спортшылар қай күндері жарысқа шығады?

Оқырмандар назарына Рио-де-Жанейро Олимпиадасында қазақстандық спортшылардың жарысқа шығатын күндері мен уақыты көрсетілген кестені ұсынып отырмыз.
XXXI жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты тамыздың 5-інен 6-сына қараған түні сағат 03.00-де басталады.
Академиялық ескек есу
Спорттың бұл түрінен ел намысын Владислав Яковлев пен Светлана Германович жекелей сында қорғайды.
6-тамыз. Іріктеу. Басталуы: 17.30.
8-тамыз. Жартылай финал. Уақыты: 17.30.
9, 10, 11-тамыз күндері финалдық сайыстар. Уақыты: 17.30-17.50.
Бокс
Тұңғыш рет еліміздің ерлер құрамасы бокстан толық құрамда, яғни, 10 салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Одан бөлек екі жолдама қыздарымыздың еншісінде.
Ерлер арасында: Біржан Жақыпов (49 кг дейін), Олжас Сәттібаев (52 кг дейін), Қайрат Ералиев (56 кг дейін), Абылайхан Жүсіпов (64 кг дейін), Данияр Елеусінов (69 кг дейін), Жәнібек Әлімханұлы (75 кг дейін), Әділбек Ниязымбетов (81 кг дейін), Василий Левит (90 кг дейін) және Иван Дычко (91 кг жоғары).
Әйелдер арасында: Жайна Шекербекова (51 кг дейін), Дариға Шакимова (75 кг дейін).
6-тамыз. Ерлер: 49, 60, 81, 91 кг дейін. Уақыты: 20.00-22.30 және 02.00-04.00.
7-тамыз. Ерлер: 60, 69, 81 кг дейін. Уақыты: 20.00-22.30 және 02.00-04.30.
8-тамыз. Ерлер: 49, 69, 75, 91 кг дейін. Уақыты: 20.00-23.00 және 02.00-05.00.
9-тамыз. Ерлер: 60, 75 кг дейін және 91 келіден жоғары. Уақыты: 20.00-22.15 және 02.00-04.15.
10-тамыз. Ерлер: 49, 56, 64, 81, 91 келіге дейінгі салмақтар. Уақыты: 20.00-23.00 және 02.00-05.00.
11-тамыз. Ерлер: 56, 64, 69, 81 кг дейін. Уақыты: 20.00-22.30 және 02.00-05.00.
12-тамыз. Ерлер: 49, 60, 75 кг дейін. Әйелдер: 51, 60 кг дейін. Уақыты: 20.00-23.45 және 02.00-04.45.
13-тамыз. Ерлер: 52, 69, 91 кг дейін және 91 кг жоғары. Іріктеу және жартылай финалдық раундтар. Уақыты: 20.00-23.00 және 02.00-04.45.
14-тамыз. Ерлер: 49 кг дейін (финал), 56, 60, 64, 81 кг дейін. Әйелдер: 75 кг дейін. Іріктеу және жартылай финал раундтары. Уақыты: 20.00-23.45 және 02.00-05.15.
15-тамыз. Ерлер: 52, 69, 75 кг дейін. 91 кг дейін (финал). Әйелдер: 60 кг дейін. Уақыты: 20.00-23.00 және 02.00-04.30.
16-тамыз. Ерлер: 56, 60 кг дейін (финал). 64, 81 кг дейін және 91 кг жоғары. Әйелдер: 51 кг дейін. Уақыты: 20.00-23.15 және 02.00-04.45.
17-тамыз. Ерлер: 52, 69 кг дейін (финал). Әйелдер: 60, 75 кг дейін. Уақыты: 23.00-02.00.
18-тамыз. Ерлер: 56, 75, 81 кг дейін (финал). Әйелдер: 51 кг дейін. Уақыты: 23.00-01.00.
19-тамыз. Ерлер: 52, 64 кг дейін және 91 кг жоғары. Әйелдер: 60 кг дейін (финал), 75 кг дейін. Уақыты: 23.00-01.30.
20-тамыз. Ерлер: 56, 75 кг дейін (финалдар). Әйелдер: 51 кг дейін финал. Уақыты: 23.00-00.30.
21-тамыз. Ерлер: 52, 64 кг дейін және 91 кг жоғары (финалдар). Әйелдер: 75 кг дейін (финал). Уақыты: 23.00-01.00.
Еркін күрес
Бұл спорт түрінде ұлттық құрама сапында (ерлер) Нұрислам Санаев (57 кг), Ғалымжан Өсербаев (74 кг дейін), Аслан Кахидзе (86 кг дейін), Мамед Ибрагимов (97 кг дейін), Дәулет Шабанбай (125 кг) өнер көрсетеді. Әйелдер командасында Жұлдыз Эшимова (48 кг дейін), Екатерина Ларионова (63 кг дейін), Эльмира Сыздықова (69 кг дейін) және Гюзель Манюрова (75 кг дейін) бозкілемге шығады.
17-тамыз. Әйелдер: 48, 58, 69 кг дейін (іріктеу). Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
18-тамыз. Әйелдер: 53, 63, 75 кг дейін (іріктеу). Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
19-тамыз. Ерлер: 57, 74 кг дейін (іріктеу). Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
20-тамыз. Ерлер: 86 кг дейін және 125 кг (іріктеу). Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
21-тамыз. 65, 97 кг дейін (іріктеу). Басталуы 17.30. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 21.45..
Грек-рим күресі
Күрестің бұл түрінен Алмат Кебіспаев (59 кг дейін), Досжан Қортықов (75 кг дейін) және Нұрмахан Тінәлиев (130 кг дейін) шығады.
14-тамыз. Ерлер: 59, 75 кг дейін (іріктеу). Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
15-тамыз. Ерлер: 130 кг дейін. Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 01.00.
Велоспорт
Жарақат алған Алексей Луценконың орнына Олимпиадаға Андрей Зейц барады. Сондай-ақ, Бахтияр Қожатаев пен велотректе Артем Захаров бақтарын сынайды.
Велотрек
11-16-тамыз. Басталуы 19.00 және 01.00.
Шоссе
6-тамыз. Топтық жарыс. Басталуы 18.30.
10-тамыз. Бөлек старт бойынша жекелей жарыс. Басталуы 18.30.
Суда жүзу
Дмитрий Баландин мен Виталий Худяков ел намысын қорғайды.
6-тамыз. Брасс (100 метр). Басталуы 22.30.
8-тамыз. Брасс (100 метр). Жартылай финал. Басталуы 07.00.
9-тамыз. Брасс (100 метр). Финал. Басталуы 07.00.
9-тамыз. Брасс (200 метр). Басталуы 22.00.
10-тамыз. Брасс (200 метр). Жартылай финал. Басталуы 07.00.
11-тамыз. Брасс (200 метр). Финал. Басталуы 07.00.
16-тамыз. Ашық суда жүзу. Ерлер 10 шақырым. Басталуы 18.00.
Кедергілер арқылы ескек есу
Бұл сайыста жалғыз өкіліміз Ксения Кондратенко өнер көрсетеді.
8-тамыз. Басталуы 21.30.
11-тамыз. Финал. Басталуы 21.30.
Байдарка мен каноеда ескек есу
Жалғыз кісілік каноэда 200 және 1 мың метрлік қашықтықта Тимур Хайдаров жүлдеге таласады. Екі кісілік байдаркада Алексей Дергунов пен Евгений Алексеев 1 мың метрлік сайыста бақ сынайды.
Сондай-ақ, бұл спорт түрінен Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев, Илья Голендов, Александр Емельянов жарыс жолына шығады.
Қыздар арасында Инна Клинова, Ириной Подойникова, Зоя Ананченко, Наталья Сергееваға сенім артылады.
Ескекшілер сайысы 7-20 тамыз аралығында өтеді. Басталуы 18.00.
Дзюдо
Бразилия төрінде белдесетін отандастарымыз қатарында Елдос Сметов (60 кг дейін), Жансай Смағұлов (66 кг дейін), Дидар Хамза (73 кг дейін), Максим Раков (100 кг дейін) ерлер командасын құраса, әйелдер арасында Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг дейін) пен Мариан Урдабаева (63 кг дейін) татамиге шығады.
6-тамыз. Ерлер: 60 кг дейін. Әйелдер: 48 кг дейін. Іріктеу және ширек финал. Бастауы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 00.30.
7-тамыз. Ерлер: 66 кг дейін. Іріктеу және ширек финал. Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 00.30.
8-тамыз. Ерлер: 73 кг дейін. Іріктеу және ширек финал. Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 00.30.
9-тамыз. Әйелдер: 63 кг дейін. Іріктеу және ширек финал. Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 00.30.
11-тамыз. Ерлер: 100 кг дейін. Іріктеу және ширек финал. Басталуы 19.00. Репешаж, үшінші орын үшін сайыс және финал. Басталуы 00.30.
Жеңіл атлетика
Спорт ханшайымы саналатын бұл сайыстан команда құрамында: Ольга Рыпакова, Ирина Эктова, Екатерина Эктова (үш қарғып секіру); Ольга Сафронова, Виктория Зябкина (100, 200 метр, эстафета 4х100 метр); Рима Кашафутдинова (100 метр, эстафета 4х100 метр); Светлана Голендова, Анастасия Тулапина, Юлия Рахманова (эстафета 4х100 метр); Анастасия Пилипенко, Әйгерім Шыназбек (100 метрге кедергілер арқылы жүгіру); Анастасия Кудинова, Элина Михина (400 метр); Александра Романова (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру); Маргарита Мукашева (800 метр); Полина Репина, Флорида Миниянова, Диана Айдосова (спорттық жүріс); Гүлжанат Жанатбек, Ирина Смольникова (марафон); Мария Телушкина (дискі лақтыру);
Ерлер арасында: Дмитрий Коблов (400 метрге кедергілер арқылы жүгіру); Михаил Красилов (марафон); Георгий Шейко (спорттық жүріс 20 шақырым); Роман Валиев (үш қарғып секіру); Иван Иванов (ядро лақтыру).
Жеңіл атлетика сайыстары 12-тамыздан бастап ойындардың соңына дейін жалғасады. Басталуы 18.30 және 04.00.
Үстел теннисі
Бұл спорт түрінен тек Кирилл Герасименко ғана жарысқа түседі.
6-тамыз. Жекелей сындар. Басталуы 18.00.
12-тамыз. Финал. Басталуы 05.00.
Батутта секіру
Бұл спорт түрінен Пирмаммад Алиев есімді жалғыз өкіліміз өнер көрсетеді.
13-тамыз. Ерлер арасындағы жарыс. Басталуы 23.00.
Синхронды жүзу
Қазақстан атынан апалы-сіңлілі Александра мен Екатерина Немичтер додаға түседі.
14-тамыз. Жұптасып. Ерікті бағдарлама. Басталуы 20.00.
15-тамыз. Жұптасып. Міндетті бағдарлама. Басталуы 20.00.
16-тамыз. Жұптасып. Финал. Басталуы 23.00.
Қазіргі бессайыс
Олимпиадаға Павел Ильяшенко мен Елена Потапенко аттанды.
18-тамыз. Ерлер арасындағы сайыстың басталуы 19.00. Әйелдер арасындағы сайыстың басталуы 23.30.
Көздеп ату
Оқпен атудан жолдама иеленген отандастарымыз: Юрий Юрков, Елизавета Король, Рашид Юнусметов және Владимир Исаченко.
Стендтік атудан Мария Дмитриенко шеберлік байқасады.
6-тамыз. Оқпен ату. Басталуы 17.30.
Садақпен ату
Бұл спорт түрінен ерлер арасында Сұлтан Дүзелбаевқа, әйелдерден Луиза Сайдиеваға сенім артылған.
8-тамыз. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей жарыстар. Басталуы 18.00.
Үлкен теннис
Кортқа шығатын қос спортшымыз: Галина Воскобоева мен Ярослава Шведова.
6-тамыз. Жекелей және жұптасып ойнау. Басталуы 19.45.
Таеквондо
Жансель Дениз (67 кг дейін), Айнұр Есбергенова (49 кг дейін) және Руслан Жапаров (80 кг жоғары).
17-тамыз. Әйелдер: 49 кг дейін. Басталуы 18.00.
18-тамыз. Әйелдер: 49 кг дейін. Финал. Басталуы 05.00.
19-тамыз. Әйелдер: 67 кг дейін. Басталуы 18.00.
20-тамыз. Әйелдер: 67 кг дейін. Финал. Басталуы 05.00. Ерлер: 80 кг жоғары. Басталуы 18.00.
21-тамыз. Ерлер: 80 кг жоғары. Финал. Басталуы 05.00.
Ауыр атлетика
Сенім артқан сегіз атлетіміз бақтарын сынайды. Олар: әйелдер арасында Маргарита Елисеева (48 кг дейін), Карина Горичева (63 кг дейін) және Жазира Жаппарқұл (69 кг дейін). Ерлер арасында Арли Чонтей (56 кг дейін), Фархад Харки (62 кг дейін), Нижат Рахимов (77 кг дейін), Денис Уланов (85 кг дейін) және Александр Зайчиков (105 кг жоғары).
7-тамыз. Әйелдер: 48 кг дейін. Финал. Басталуы 04.00. Ерлер: 56 кг дейін. Басталуы 19.00. Финал 8-тамыз күні 04.00-де.
8-тамыз. Ерлер: 62 кг дейін. Басталуы 19.00. Финал 9-тамыз күні 04.00-де.
9-тамыз. Әйелдер: 63 кг дейін. Басталуы 19.00. Финал 10-тамыз. Басталуы 04.00.
10-тамыз. Ерлер: 77 кг дейін. Әйелдер: 69 кг дейін. Басталуы 19.00. Аталған салмақтағы әйелдер арасындағы финал 11-тамызда 00.30-да басталса, ерлер арасында 04.00-де басталады.
12-тамыз. Ерлер: 85 кг дейін. Басталуы 19.00. Финал 13-тамыз күні 04.00-де.
16-тамыз. Ерлер: 105 кг дейін. Басталуы 00.30. Финал 04.00.
Семсерлесу
Семсерлесуден Илья Мокрецовтың күшін байқаймыз.
11-тамыз. Ерлердің жекелей біріншілігі (қылыш). Финалдық кезең. Басталуы 03.00.
Көркем гимнастика
Спорттың бұл түрінде Сабина Әшірбаеваға қолдау көрсетеміз.
19-тамыз. Жеке көпсайыс. Басталуы 19.00.
Олимпиада ойындарының жабылу рәсімі 21-тамыздан 22-сіне ауған түні сағат 03.00-де болады.
Бразилияда өтетін жарыстарды «KazSport», «Хабар» және «Казақстан» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді.

Осы айдарда

Back to top button