Қоғам

Әрбір ауыл гүлденсе, Қазақстан гүлденеді

Глубокое ауданының ауылшаруашылығы құрылымдары басшыларының кеңесіне қатысушыларының Шығыс Қазақстан облысының барлық шаруа қожалықтарының жетекшілеріне, кәсіпкерлеріне
ҮНДЕУ
І

Әрбір ауыл гүлденсе, Қазақстан гүлденедіБіз, Глубокое ауданының ауылшаруа-шылық құрылымдары басшыларының кеңесіне қатысушылар, мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын дамытудың бо-лашақ жоспарын белгілей отырып, тікелей Елбасымыз Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ пен мемлекет тарапынан тұрақты түрде қамқорлық көрсетіліп отырылғанын атап көрсетеміз.

Біз мемлекеттің агроөнеркәсіп кешенін дамытуға байланысты қолданып отырған барлық шараларының маңыздылығын бағалаймыз және құптаймыз. Мемлекеттің қолдауы және барлық шаруалардың көп жылғы еңбегінің арқасында біз аяғымыздан тұрып, қиындықтарды жеңдік, қазір дамуға бет алдық. Жыл сайын өсімдік және мал шаруашылығында айтарлықтай табыстарға жетіп келеміз. Біздің бірлескен жұмысымыз тұрақты кіріс кіргізіп отыр.

Бүгіндері, біз кезекті әлемдік дағда-рыстың табалдырығында тұрған сәтте бизнестің халықты қолдауы қажеттілігін сезіне отырып, біз облыстың барлық кәсіп-керлерін бизнестің әлеуметтік жауапкер-шілігі аясында тапқан пайданың кем дегенде 5 пайызын ауылдар мен кенттерді абаттандыруға және әлеуметтік жобаларды енгізуге жұмсауға шақырамыз. Біздің облыстың елді мекендері тазалау ісі мен көріктендіруге, жасыл желек егуге, күтіп-баптауға, гүлзарлар мен саябақтарды санитарлық тазалауға, мемориалдық кешендер мен ескерткіштерді әрлендіруге, көшелерді қоршап, шағын сәулет құрылғыларын, су көздерін, ашық аула спорт алаңдарын, стадиондарды абаттандыруға мұқтаж.

Қазір біздің көз алдымызда ауылдары-мыздың келбеті өзгеріп келеді, сенбіліктер өткізілуде, көшелер тазалануда, бірақ біз қатыспай, біз үлес қоспай бұл жұмыстар өз деңгейінде жүргізілмейді. Біздің мақтануға да, армандауға да болатын тұстарымыз көп. Сондықтан біздің бірлескен күш-жігеріміздің арқасында арманымыз орындалсын.

Әрбір ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі.

Осы айдарда

Back to top button