Қоғам

Қазақстан Даму банкі 42 жобаны қаржыландырмақ

Қазақстан Даму банкі 42 жобаны қаржыландырмақ

Қазақстан Даму банкі 42 жобаны қаржыландырмақ

Алдағы төрт жылда Қазақстанның мемлекеттік даму банкі 1,124 триллион теңгеге 42 жобаны қаржыландыратын болады. Бұл туралы «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Болат Жәмішев мәлім етті.
– Біздің қаржыландыру үшін жоспарлаған портфелімізде алдағы төрт жылға арналған бір триллион 124 миллиард теңгені құрайтын 42 жоба бар, – деді ол Астанада өткен брифинг барысында.
Болат Жәмішевтің айтуынша, аталмыш жобалар металлургия, инфрақұрылым, мұнай химиясы, мұнай өңдеу, электр қуаты секілді ірі индустриялық салаларды қамтитын болады.
– Қазақстанның Даму банкіне ірі жобалар бойынша ұсыныстар түсіп жатыр. Қазір банктің сондай жобаларды қаржыландыру арқылы экономиканы әртараптандыруға үлес қоса алатын мүмкіндігі бар, – деді банк төрағасы.
Сонымен қатар, банк осы жылдың басында 816 миллион долларға 14 жобаны қаржыландыру туралы шешім қабылдаған.

Мүмкіндікті жан-жақты пайдалануға шақырды

Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан жаңа жаћандық нақты ахуалда – әйелдер үшін жаңа мүмкіндіктер» атты халықаралық әйелдер форумы өтті.
Аталған жиынға Мемлекеттік хатшы, Президент жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова, Қазақстан іскер әйелдер қауымдастығының президенті Раушан Сәрсембаева, Ұлттық комиссия мүшелері мен халықаралық ұйымдар, бизнес құрылымдары, азаматтық қоғам өкілдері және сарапшылар қатысты.
Форум барысында қатысушылар отбасылық-демографиялық саясат, өскелең ұрпақтың репродуктивті денсаулығы, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық және нәзік жандарды қоғамдық-саяси ілгерілету мәселелеріне ерекше тоқталды.
Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова форумға қатысушыларды Бес институционалдық реформа мен Елбасының «Қазақстан жаңа жаћандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму» Жолдауында айтылған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысуға, дағдарысқа қарсы шаралардың аясында қарастырылған жаңа мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалануға шықырды.

Өтемақы төлеуге 36 миллиард теңге бөледі

Ел Үкіметі 2016-2017 жылдары «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» клиенттерінің депозиттеріне өтемақы төлеу үшін 36 миллиард теңге бөледі. Бұл жайында Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
– 2016 жылы банк клиенттерінің салымдарына өтемақы төлеу мақсатына Үкімет резервінен 20,9 миллиард теңге, 2017 жылы тағы 16 миллиард теңге бөлінбек, – деді Ерболат Досаев Үкімет отырысында.
Осыған дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ 2015 жылдың 18 тамызына дейін ашылған депозиттер үшін өтемақы төлеуді жоспарлап отырғаны хабарланған болатын.
Банк таратқан мәліметке сәйкес, бір миллион теңгеге дейінгі депозит үшін өтемақы төлеу бойынша жалпы сомасы 66 миллиард теңгені құрайтын 435 мың келісім тіркелсе, бір миллионнан жоғары депозит үшін 114 миллиард теңгенің 57 мың келісімі жасалған. Жалпы, банктің өтемақы сомасы 40 миллиард теңгені құраса, оның 24 миллиарды банктің жеке қаржысынан төленбек.

Шығыс-ақпарат

Осы айдарда

Back to top button