Қоғам
Қазан айы қандай болады?
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша, қазан айы облыс аумағында жаңбырмен басталып, соңына қарай күн суытып, ауа температурасы нөлден төмен түспек.
Метеорологиялық сайттардың деректеріне сүйенсек, күздің екінші айы негізінен жаңбырлы, суық болады деп күтілуде. Өңіріміздің таулы аймақтарында жауын-шашын мөлшері әдеттегі айлық көрсеткіштен асып түспек. Айдың ортасына қарай арагідік аспан ашылып, күннің көзі көрінгенмен, ауа температурасы 7-15 градус жылылықтан жоғары көтерілмейді. Түнде минус 2-7 градусқа дейін түседі. Ал қазанның жиырмасынан кейін мүлдем суытады. Кейбір жерлерде минус 10 градусқа дейін төмендейтінін айтады мамандар. Алайда, қазан айының соңы мен қарашаның басында күн ашық болады.
Серік Құмарғалиұлы