Қоғам

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын жүзеге асыру аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі «Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасының жұмысын бастады.

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ грантын жүзеге асыру аясында «Салауат» Шығыс Қазақстан облыстық жастар қоғамдық бірлестігі «Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасының жұмысын бастады. Жоба жоспарына сәйкес 18-20 маусым аралығында облысымыздың 5 ауданынан жиналған ҮЕҰ мүшелері және бастамашылар топтар әлеуметтік мәселені анықтау, соған сәйкес жоба жоспарлау, бюджет құру тақырыптарында қарқынды бейресми оқудан өтіп, өз білімдерін шыңдауға мүмкіндік алады. Семинар соңында қатысушылар өз идеяларын ортаға салып, презентация жасау бойынша практикалық дағдыларын дамытады.

«Шығыс Қазақстан облысындағы ауылдық үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру» жобасы аясында қатысушылар әлеуметтік маңызы бар идеяларды жүзеге асыруға 500 000 теңге көлемінде гранттық қаржыландыру алу мүмкіндігіне ие. Бұл жобалар әр ауданның дамуына үлес қосатынына сенім білдіреміз.

 

#qogamgov #cisc2020
#salauat_semey

Осы айдарда

Back to top button