Қоғам

Азамат Дәулетбеков – Әлем чемпионатының қола жүлдегері

Ержан Әбіш

«Сербияның бас қаласы – Белградта өтіп жатқан еркін күрестен Әлем чемпионатынан қуанышты жаңалық келіп жетті» деп хабарлады облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің Инстаграмдағы парақшасында.

Атап айтсақ, өскемендік балуан Азамат Дәулетбеков 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде пуэрторикалық Этан Рамосты 10-0 есебімен жеңіп, чемпионаттың қола медалін жеңіп алды.

Кездесу қазақ спортшысының техникалық артықшылығына байланысты мерзімінен бұрын аяқталды. Ол – медаль әкелген біздің құраманың жалғыз балуаны. Испания, Куба, АҚШ спортшыларымен жекпе-жектен өткен Азамат жартылай финалда үш дүркін Олимпиада чемпионы Дэвид Тейлорға ғана жол берді.

Сондай-ақ чемпионатта өскемендік Олег Болтин өнер көрсетті. Ол 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола үшін күресті, бірақ грузин спортшысы Гено Патриашвилиден жеңіліп, бесінші орынға ие болды.

– Жалпы, біздің спортшылар жақсы нәтиже көрсетуде. Олар – біздің олимпиадалық үміттеріміз және ең үлкен жеңістер әлі алда екеніне сенімдімін, – деп жазды әлеуметтік желідегі парақшасында аймақ басшысы.

Осы айдарда

Back to top button