Қоғам

Қазіргінің Қажымұқаны

Зайсандық спортшы Қуаныш Қыдырпатша карантин уақытында да босқа жатпай, жаттығуын жалғастыру үстінде. Ол жуықта екі жүк көлігін қатар сүйреп, әлеуметтік желі қолданушыларын таң-тамаша етті.

«Гір спортынан әлемнің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы  Қуаныш Қыдырпатша бірнеше апта бұрын ғана  ГАЗ-53 жүк көлігін арқанмен тартып жүргізген болатын. Бірақ ол рекордын қайта жаңартпақ болған спортшы  ГАЗ-53 жүк көлігіне тағы да ЗИЛ-130 маркалы екінші ауыр мәшинені тіркеп, екеуін бірге 10 метрге дейін сүйреп апарды. Екі жүк көлігінің жалпы салмағы 8,5 тонна болады» – деп жазады облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі.

Қуаныш Қыдырпатша 2014 жылдан бері Зайсанда тұрады. Қазіргі таңда гір спортынан шәкірт те тәрбиелеп жатыр.

– Біздің спорт – экстрим, күштік спорт түрі ғой. Ауыр көліктерді сүйреп жүргізіп көруге қызығушылығым бұрыннан бар. Бұған дейін жеңіл мәшинелерді тартып көргенмін. Бұл арқа, аяқ бұлшық еттерін шынықтыруға жақсы. Карантин кезінде осы ойға алған ісімді жүзеге асырып көруге бел будым. Алдағы уақытта тағы да күшімді сынап көргім келеді. Шамамен, 18 тоннаны қозғалтып көрсем деймін, – дейді Қуаныш.

Жасын Қалибек

 

Осы айдарда

Back to top button