Қоғам

Қайырымдылық марафоны басталды

Наурыз мерекесі қарсаңында тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі Шығыс Қазақстан аймақтық қоры қаржысынан қалалар мен аудан-дардағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің ұсыныстары бойынша облысымыздың 290 аз қамтылған адамдарына, жалғыз басты егде жандарына, мүгедектерге, көпбалалы аналарға жалпы жиыны 1 млн. 230 теңгенің ақшалай және заттай көмек берілді.

Қайырымдылық марафоны басталдыАз қамтылған жұмыссыз жандарды жұмысқа көбірек тарту үшін қаражат мәселесін шешу абзал. Осы тұрғыда жасалып жатқан шаруалар аз емес. Облыс әкімдігінің 2012 жылғы 29-ақпандағы қаулысына сәйкес облыстық ізгі ниет қайырымдылық марафоны басталып та кетті. Бүгінгі күнгі қор шотына 1 млн. 764 теңге түсті. Қаржы аударуды бастағандар – Өскемен, Риддер, Курчатов қалалары мен Зырян, Глубокое, Көкпекті аудандары.

Қаржы неғұрлым көбірек түссе, несие өрісі де кеңейе түспек. Мәселен, былтыр 270 адамға жалпы сомасы 31,6 млн. теңге қаражат берілді.

Сәкен Ғайса,
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау
жөніндегі аймақтық қордың директоры

Осы айдарда

Back to top button