Қоғам

Айыппұлға 1 лимон кетті

«Он пәленің, тоғызы маска тақпағаннан». Рас, қазір сыртқа маска тақпай шықтыңыз ба, біттім дей беріңіз. Үйге не індетті, не айыппұлды арқалап қайтасыз. Онсыз да мереке қарсаңында салғырттық үшін ақша төлеген тіпті артық дүние. Бірақ соны түсінбейді ғой адамдар.

ШҚО-ның шектеу режимін бұзған тұрғындары 1 миллион теңгеден астам айыппұл төледі. Кеше облыс аумағында 18 ереже бұзу фактісі анықталды.
1 наурызда Өскеменде санитарлық талаптарды бұзудың 8 жағдайы тіркелді.  Айыппұлдың жалпы көлемі – 175 020 теңге.
Семейде маскалық режимді бұзу бойынша 9 факті анықталып отыр. 510 475 теңге болатын 5 хаттама толтырылды. 904 270 теңгеге 14 айыппұл салынды.
Риддерде жұмыс орнында маскасыз жүрген адам жауапқа тартылды.

Didar ақпарат

Осы айдарда

Back to top button