Айыппұлды аямай төлеп жатыр
Коронавирус инфекциясының таралуы санитарлық талаптар сақталшмайынша тыйылмайтын секілді. Бірақ сол талаптар сақталып жатыр ма?
ШҚО тұрғындары қарапайым қауіпсіздік шараларын елемей жүр. Кеше облыс аумағында бас санитарлық дәрігер бекіткен шектеу режимін бұзу бойынша 20 жағдай тіркелді.
17 ақпан күні Өскеменде 8 ереже бұзу фактісі анықталып отыр. Сонымен қатар, азық-түліктік және азық-түліктік емес дүкендерде, сауда үйлері мен қоғамдық көліктерде бұрын тіркелген бұзушылықтар бойынша айыппұлдар салынды. Жалпы сомасы – 525 060 теңге.
Семейде маскалық режимді бұзудың 10 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 510 020 теңге болатын 5 хаттама толтырылды. Жалпы көлемі 889 685 теңгені құрайтын 7 айыппұл салынды.
Риддерде маскасыз қызмет көрсету бойынша 1 ереже бұзу фактісі анықталды.
Глубокое ауданында маскалық режимді бұзуға қатысты 1 жағдай тіркелген. Айыппұл – 43 755 теңге.
Didar ақпарат