Қоғам

Айыппұл төлемесең, теледидарыңды тартып алады

Айыппұл төлемесең,  теледидарыңды тартып алады

Өскемендегі жол ережелерін бұзған жаяу жүргіншілерге жуық арада жазаның жаңа түрі қолданылады. Бұдан былай жол тәртібін бұзып, айыппұлдарын төлеуге асықпаған өскемендіктер үйлеріндегі тұрмыстық техникалары мен құнды заттарынан айырылуы мүмкін.

Қазір полицейлер бастамасымен арнайы топтар құрылып жатыр, бұл іске сот орындаушылары да білек сыбана кірісетін болады.

– Осы мақсаттағы жұмыстарға байланысты кезекшілік кестесі жасалып жатыр. Жуықта рейдтер басталады. Тәртіп бұзып, айыппұл төлегілері келмей жүрген азаматтардың пәтерлерін аралаймыз. Айыппұл төлемесе, заттарын тәркілейміз, мысалы, теледидарларын, – дейді облыстық ІІД әкімшілік іс-тәжірибе бөлімінің басшысы Гүлнар Берғалиева.
Полиция қызметкерлері мұндай рейдтердің нақты қай күні басталатынын айтқан жоқ. Ал айыппұлдарын төлей алмай жүрген тәртіп бұзушылар үшін төлем түбіртегін алуға әлі уақыт бар. Тұрмыстық техникасынан айрылғысы келмейтіндер мойындарындағы берешектерін ертерек төлеп тастағандары ләзім.

Дарын Нұрсапаров

Осы айдарда

Back to top button