
(Суретте Өскемендегі уақытша сақтау тұрағында тұрған көліктер)
Жыл басынан бері Шығыста шет мемлекеттердің есебінде тіркелген 143 автокөлік уақытша сақтау тұрақтарына қойылды. Себеп – жол ережесінің бұзылуы.
Полиция департаментінің ақпараты бойынша, тұрақтағы көліктердің 74-і иесіне қайтарылып берілді.
« Шетелде тіркелген көліктер үш жағдайда қайтарылады: бірінші, автокөліктің иесі өзі келсе; екінші, Қазақстан азаматында шетелдік көліктің иесінің сенімхаты болса; үшінші, уақытша сақтау тұрағына қойылған себептері (өндірілмеген айыппұл, көліктің техникалық ақаулары) жойылса», – деп жазылған департамент ақпаратында.
Айта кету керек, облыс аумағында шетелде тіркелген мемлекеттік нөмірі бірдей автокөліктер анықталған жоқ.