Қоғам

Қайыңды шипажайында жаралы жауынгерлер емделетін

Қайыңды шипажайында жаралы жауынгерлер емделетін

Бүгінгі ұрпақ соғысты көрмесе де, шарпуын сезініп өсті. 1944 жылға дейін Белағаш аталып келген Бородулиха ауданы ел-жұртының соғыс жылдарындағы өмірі Қайыңды шипажайының жылнамасында сайрап жатыр.
Бұл жерден майданда алған жарақатын емдеп, аяғынан қаз тұрған талай солдат қайыра майданға аттанса, бір қатары Ауыл мен Березовканың топырағын томпайтып жатыр.
Осыған байланысты тарихшы Г.Рубан біршама іргелі зерттеулер жасады. Өзіміздегі және шет елдердегі мұрағат материалдарын жинастырды. Госпиталь қызметкерлері және жергілікті тұрғындардан фотосуреттер жинастырып, құнды естеліктер жазып алды. Медицина қызметкерлері мен тарихшылардың еңбектерін парақтады.
Өкініштісі, соғыс жылдары өңірімізде госпитальдардың орналасқанын аудан оқушылары мен ұстаздарының тек 20 пыйызы ғана біледі екен. Белағаш ауданына әскери госпитальдардың орналасуы 1941 жылдың 10 қазанындағы КСРО Денсаулық сақтау халық комиссары Г.Митяевтың эквагоспитальдардың бас басқармасын құру туралы Жарлығынан бастау алды. Осылайша бір млн. адамға арналған 2000 госпиталь 1941-1945 жылдары тылда орналасты. Сол кездегі 14 облыста және Алматыда эквагоспитальдардың басқармалары құрылды. Ең бірінші 3400 төсек-орындық 8 госпиталь 1941 жылдың шілдесінде өз жұмысына кірісті. Госпиталь тарихының үшінші кезеңі 1942 жылдың 20 қаңтарынан бастау алады. Осы кезеңде елімізге 26600 төсек-орындық 55 эквагоспиталь көшіріліп әкелінді.
Осы елімізде орналасқан госпитальдардың ішінде келіп түскен жаралыларының сауығуы жағынан үздік көрсеткіштерге жеткендері: N 3390, N3582, N1279 (Алматы қ.); N3593, N2449 (Семей қ.); N3294, N3981(Шымкент қ.) N4150, яғни біздің аудандағы Березовка санаторийі болды.
Аудан орталығынан 17 шақырым жерде қарағайлы шоғырда орналасқан Березовка шипажайында аумағында 11 белгісіз солдаттың зираты бар. Олар – №4150 эквагоспитальда майдан даласынан алған жарақаттарынан қайтыс болған жауынгерлер.
Сол кезге сай идеологиялық жұмыстар да жолға қойылды. Майдан жаңалықтары мен әлемдік оқиғаларды насихаттайтын бригадалар құрылып, халық және жаралылар арасында жемісті жұмыстар жүргізді. Біз Бородулиха ауданы көлемінде орналасқан №4150 эквагоспиталі турасында біршама тарихи деректерді білеміз. Ал Ауыл бекетінде орналасқан №4043 эквагоспиталі туралы зерттеу болашақ күндердің еншісінде
Бородулиха ауданы.

Серік ӘбілқасымұлыҚайыңды шипажайында жаралы жауынгерлер емделетін

Осы айдарда

Back to top button