Қайта әлеуметтендіру – маңызды мәселе

Мелекеттік саясаттын да бүгінгі таңда бірінші кезекте еліміздегі қылмыс деңгейін төмендетуді көздеп отырғаны белгілі. Осы реттен алғанда, қазіргі қылмыстық атқару саясаты сотталғандарды қайта әлеуметтендіруге екі кезеңмен өткізілетін бағытпен қалыптасқан. Әлеуметтік жобаны іске асырудын басты міндеттері – бірінші кезеңде түзелу жолына түсіру, яғни бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жатқан сотталғандарды бостандыққа даярлау, екінші кезенде жазасын өтеп шыққан сон сотталғандарды қоғамға бейімдей отырып әлеуметтік қолдау көрсету. Сотты болған азаматтарды әлеуметтендіру, оларды пробация қызметінің есебіне алған күннен бастап жүзеге асырылады. Мұнда бірінші кезекте психологтар әр сотталғанның жеке басын зерделеу арқылы психокоррекция жүргізіп, жаңа ортаға бейімделу кезеңіне мүмкіндік береді. Сотталғанның бұдан арғы жазасын өтеуінде еңбек, құқықтық көмек, эстетикалық, адамгершілік, физикалық ағарту сипатындағы процестер орын алады. Яғни пробация қызметінің қағидаты ол сотты болған азаматтарды қоғамнан алшақтатпай, әлеуметтік таршылықты көрсетпей қоғам ортасына орнығуын қамтамасыз ету. Бұл біздін қоғамдағы қылмыстылықтын қайталану үрдісін азайтудын басты жолы. Мемлекеттік саясаттында, сотты болған азаматтардын әлеуметтік деңгейін арттыруы осы мақсатқа бағытталған. Сондықтан да бұл қағидатты қоғамда дұрыс түсіну керек.
Азамат Бекболатұлы Тұрсын,
ШҚО бойынша ҚАЖД
Үржар аудандық № 1
пробация қызметінің инспекторы
әділет капитаны