Руханият

Айшолпан тағы да жеңіспен оралды

Павлодарда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына орай республикалық ақындар айтысы өтті. 

Еліміздің әр өңірінен келген дүлділдер төрт жұпқа бөлініп өз бақтарын сынады. Аламанның бас жүлдесін жерлесіміз Айшолпан Тілеутай қанжығасына байлады. Шығыстың намысын қорғап жүрген айтыскер бүгін Өскеменге қарай жол тартты. Себебі 19 наурыз сағат 14:00-де «Тəуелсіздік жыр басы» атты облыстық» ақындар айтысына үлгеруі тиіс. Қуанышты жаңалығымен әлеуметтік желі арқылы бөліскен айтыскер қолдау білдірген, жанашыр жандарға өз алғысын жеткізді.

  • Дүниежүзін жайлаған індет кезінде төрт қабырғаға қамалып отырған қиын. Бірақ айтыс ұйымдастырушыларына шексіз алғысымды жеткізгім келеді. Кереку еліне аяқ басқаныма қуаныштымын, – дейді ақын қыз.

Айта кетейік, қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде Айшолпан Тілеутайға бұйырса, бірінші орынды қызылордалық Жамбыл Бақытәліұлы, ал жүлделі екінші және үшінші орын Нұрсерік Тәуекелов пен Мақсұт Нариманға бұйырды.

Балауса Мэлс

 

Осы айдарда

Back to top button