Қоғам

Айнаға жиі қарау керек – Жапон ғалымдары

Жапондықтар жаңа жаңалықтарымен жалпақ жұртты жалт қаратты. Осаки университетінің ғалымдарының айтуынша, адам жиі өз бетіне қарауы керек. Иә, дәл солай өз бетіңізге қараңыз.

«Осы сен неге айнаға қарай бересің?», – деген сөзді жиі естісеңіз, дұрыс жолда келе жатырсыз деген сөз. Өйткені зерттеушілер бетіңізге қарау арқылы өзіңізге пайдалы іс жасайсыз дейді. Бұл туралы Neuroscience News   агенттігі мәлімдеді.

Зерттеуге қатысушылар үшін ғалымдар ерекше тапсырма әзірлепті. Оларға өздеріне ұқсайтын адамдардың суреттерін көрсеткен. Суретті көрген бойда барлығының дерлік миында гармон бөлуге қатысатын бөліктің жұмысы жақсарған. Яғни дофамин гармоны бөлінеді. Бұл гармон адамның психикалық және эмоциялық жай-күйіне жауап береді. Жалпы ғалымдар гармонның адам өмірінде алар орны ерекше екенін айтады. Тіпті шығармашылық үшін де оның септігі мол, гармон жақсы бөлінетін болса, есте сақтау қабілетіңіз де айтарлықтай оңалады. Сондықтан да айнаға жиі қарап жүрейік.

Балауса Мэлсқызы

Осы айдарда

Back to top button