Мәдениет

Ақын Айнұр алтын ұясына тарту жасады

Ақын Айнұр алтын ұясына  тарту жасады    Облыс Әкімінің бастамасымен іргелі істерге негіз болып келе жатқан «Туған жерге – тағзым» акциясына аудандағы М.Әуезов мектебінің түлегі, белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева негізді үн қосты.

Өзінің білім алған алтын ұясындағы түлеп ұшқан тұғырына отырып, шәкірттік шағын есіне алған Айнұр Тұрсынбаева ұстаздары мен ауылдастарының ыстық ықыласына бөленді: балалық шақтың естеліктерін еске түсіріп, жиналған жұртты мәз-мейрам етті. Мектептегі өз атына берілген қазақ тілі кабинетіне интерактивті тақта сыйлап, әлі де қол ұшын созып, келіп тұратынын айтты.

Ауылына ат басын бұрған ақынмен бірге Қалқаман Сарин, Сара Тоқтамысова, Серікзат Дүйсенғазин сынды танымал ақындар да ілесе келіп, ауыл туралы, туған жердің қадір-қасиеті жайындағы өлеңдерін оқып жұртты жырға бөледі. Бұл әсіресе, жас жеткіншек оқушылар мен олардың мұғалімдері үшін зор мәртебе болғаны сөзсіз.

Өздерін заманауи техникамен жарылқаған жыр жүйрігіне М.Әуезов мектебінің директоры А.Қалиев қазақтың қара домбырасын сыйға тартса, Айнұрдың мұғалімі болған Роза Нұрмұхамбетова өсиетті батасын беріп, ақ жол тіледі.

Ш.Көпшікбаева
Тарбағатай ауданы.

Осы айдарда

Back to top button