Қоғам

Аймақтың намысын абыроймен қорғады

Аймақтың намысын абыроймен қорғады


Атырау қаласында көз жанары және қимыл-тірек аппараты зақымданған спортшылардың арасында өткен V республикалық спартакиада өз мәресіне жетті.

Аталған жарысқа қатысып, жеті алтын, 10 күміс және 16 қола медальмен оралған шығысқазақстандық спортшыларды жергілікті жанкүйерлер қошеметпен қарсы алды.

– Аймақ басшылығының, сондай-ақ, денешынықтыру және спорт басқармасының атынан сіздерді шын жүректен құттықтаймын! Менің ойымша, бұл спорт саласы қарқынды дамыған облыс үшін жақсы көрсеткіш, – деді облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы Асқар Можанов.
Спортшылар арасында спорт шебері деңгейін орындағандар да бар. Олар: А.Нұрмағамбетова, М.Алиаскаров, А.Кутявина, С.Ковалев.

Ал семейлік спортшысы А.Сиязова халықаралық деңгейде өнер көрсете білді.

Мүмкіндігі шектеулі 40-45 спортшыдан тұратын облыстық құрама команда мүшелері спартакиада барысында оқ ату, үстел теннисі, жеңіл атлетика мен пауэрлифтинг сынды спорт түрлерінен облыс намысын қорғады.

«Дидар» ақпарат

Осы айдарда

Back to top button