Қоғам

Аймақ экономикасының негізі

Құрметті металлургия саласының еңбеккерлері мен ардагерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Металлургтер күнімен құттықтаймын. Сіздер маңызды мамандық иесі ғана емес, ғажап дәстүрді жалғастырушысыздар!

Металлургия әрқашан аймақ экономикасының негізі әрі ел өндірісінің басты бағытының бірі болып саналады. Сіздердің кәсібиліктеріңіз, шеберліктеріңіз бен өз істеріңізге деген жауапкершіліктеріңіз шынайы құрмет пен ілтипатқа лайық.

Әсіресе отандық металлургияға өлшеусіз үлес қосқан ардагерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздердің тәжірибелеріңіз бен өз істеріңізге деген шексіз махаббат бүгінгі күнгі жетістіктің негізін қалады.

Бүгінгі таңда Шығыс Қазақстан облысындағы ұзақмерзімді экономикалық және әлеуметтік бағдарламалардың жүзеге асырылуы саланың тұрақты жұмыс істеуіне тікелей байланысты. Металлургтердің жетістігі, бұл – өндірістің жаңғыруы, экологиялық стандарттардың енгізілуі, ең бастысы, жарқын болашақты  жасайтын еңбек адамына тұрақты қамқорлық жасалуы.

Барлық металлургтерге зор денсаулық пен бақуатты өмір тілеймін!

Даниал Ахметов, ШығысҚазақстан облысының әкімі

Осы айдарда

Back to top button