Қоғам

Аязға қалдырмайды

Тасқын Болатұлы

Бірнеше жыл бойы Глубокое ауданы, Белоусовка кентінің тұрғындарында таза ауызсу болмаған. Жаңа коммуникацияларды пайдалануға беру мерзімі үнемі кейінге қалдырылып келген. Ақыр соңында тұрғындардың арманы орындалды.

– Су құбырын кезең-кезеңмен іске қосу сәуір айында басталғанын атап өту маңызды. Барлық абоненттерді бірден қосу мүмкін емес. Кезекпен бәріне тартып береміз, – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Аудан әкімдігі ұсынған деректер бойынша, қазір Степная, Кутузов, Крайняя, Советская, Крылов, Панфилов, Степной көшелерінде жаңа су құбыры желілері дайын. Енді адамдардың жаңа желілерге қосылуы өте маңызды, өйткені ескі желілер арқылы су беру тоқтатылады. Алдағы уақытта Трактовая, Крылов, Красноармейская, Медведев, Суворов, Ленин, Фрунзе, Павлов, Мельничная, Тоқтаров көшелері мен Гребенюшки ауданын қосу жоспарланып отыр. Аяз түскенге дейін барлық абонент дайын болады.

Қазір су құбыры желілеріне мониторинг жүргізу, тұрғындармен әңгімелесу жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілуде.

Осы айдарда

Back to top button